Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Шахан ауылдық «Шахан» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында насихат айтты.
Қанат Әділханұлы насихатында: «Әке – отбасының тірегі, әрбір жанның үлгі тұтар тұлғасы, жанұяның қорғаны, құрмет пен берекенің бастауы. Қазақта әкені ерекше құрмет тұтып, жанұядағы рөлін айрықша қастерлеген. Осы бұзылмаған заңдылықтың арқасында бүгінде үлгілі отбасылардың саны едәуір артып келеді», - деді.



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

