Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ САРЫБАРАҚ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ САРЫБАРАҚ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Сарыбарақ ауылы «Темірбек баба» мешітінде халықпен кездесіп, «Адал еңбек еткенің – Алла жолында жүргенің» тақырыбында насихат айтты.

      Қанат Әділханұлы насихатында: «Ислам дінінде еңбек ету – ақша табу тәсілі ретінде ғана емес, құлшылық ретінде де бағаланады. Себебі, біздің өмірімізде бәрі өзара байланысты: рұқсат етілмеген қызмет, еңбек түрі (мысалы, өсімқорлық) арам табысқа әкеледі, ал ол өз кезегінде біздің асқазанымыз арқылы бойымызға тарап, түптің-түбінде біздің барлық құлшылығымызға кері әсерін тигізеді. Демек, бастапқы ниетіміз – қызметіміз немесе тапқан ақшамыздың көлемі емес, Алланың разылығы болуы тиіс. Сонда біздің істеген ісіміз өніп, адал еңбегіміз арқылы тапқан табысымыз біздің үйімізге жай ғана материалдық әл-ауқат қана емес, береке алып келері ақиқат», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: