Қордай: «Құран - жарық нұр» рухани кеші өтті

Қордай: «Құран - жарық нұр» рухани кеші өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда: «Расында, сендерге Алла тарапынан  нұр және ашық кітап келді. Сол арқылы Алла тағала Өзінің разылығына  ілескендерді  амандық жолдарына салады және Өз нұсқауымен оларды қараңғылықтан нұрға шығарады  әрі тура жолға салады»  деген.

Аятта айтылғандай  Құранның қасиеті – Адамның көкірек көзін ашып, тура жолды оған көрсетіп қояды. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы, «Сахаба» мешітінде, Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу салтанаты өтті.

 Басқосуды Құран аятын оқумен Серікқұл Фатима ашты. Мешіт имамы, әжелер алқасы мүшелері және аудан ұстаздары қатысқан жиын барлығының көңілінен шықты. Ғибратты көріністер қойылып, көпшілікті ойландырды.   Алланың кәләмін оқуға ықылас қойған  шәкірттерге алғыс айтылып,  сыйлықтар берілді.  Баршамызға  Құранды көп оқушы, жаттаушы,  ұмытпаушы  және амалға асырушы мұсылмандардан болуды Алла нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: