Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы мен Қорағаты мешітінің молдасы Нұрдәулет Исаұлының ұйымдастыруымен Қорағаты ауылдық мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті. Құран сүрелерін жатқа оқу байқауына Құлан, Луговой, Көгершін, Жаңатұрмыс, Жарлысу және Меркі ауылдарынан жас шәкірттер келіп қатысып, бақ сынасты. Жарыс Құран Кәрімнің 30-шы парасынан өтті.
Әділ қазы алқалары қатысушылардың құранды қатесіз оқуына, ұмытпай, шатаспай жатқа оқуына және дауыс мақамына мән бере отырып бағалады. Қазылық ету үшін облыстық мешіттің наиб имамы Нұрлан Мұрат және Қарағанды қаласынан Бауыржан қари келді. Жарыс нәтижесі бойынша 3 орынды Фазылов Хайрулла 70 000, 2 орынды Исмаил Ілияс 100 000, 1 орынды Құрманбек Сайфолла 200 000, бас жүлдені Қырғызбай Һибатулла иеленіп, Умраға жолдама табыс етілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі