Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) былай деген: «Сіздердің ешқайсыларыңыз «Я, Алла, егер қаласаң, мені кешір. Я, Алла, егер қаласаң, мені жарылқа»- демесін. Бірақ, керегін табанды түрде сұрасын, әрі Оған қатты мұқтаж екенін көрсетсін».
Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті әжелер алқасы мүшелері «Имани жаз —2025ж» жаздық діни сауат ашу курсы шәкірттеріне «Білім алу» туралы насихат айтты. Жастарға ең таза, зейіні мықты, білімді сіңіретін, барша адамзатқа білімі мен ісімен пайдалы бола алатын жастық шақты босқа жібермеуге кеңес берді. Баршамыздың дұға тілектеріміз қабыл, мұратымыз асыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі