Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Алла тағаланың назарында әрі абзал, әрі таза, дәрежелеріңді көтеретін, алтын мен күмісті жаратудан артық, тіпті жауларыңмен бетпе-бет тұрып, олардың бастарын шабу, не болмаса сол жолда жан тапсырудан да артық болған амалды айтайын ба?» - деп сұрағанда, сахабалар: «Әрине, айтыңыз» дегенде, әз елші: «Алла Тағаланы зікір ету» - деп, бұйырған екен.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы ұстаздары: Эльмира Аманқожақызы мен Айгул Жолдасқызы «Имани жаз» шәкірттеріне «Алланың көркем есімдері және олармен дұға жасау» туралы уағыз насихат айтты. Алланың көркем есімдерін жаттап, дұға етіп хайырлысын сұрауды Алла баршамызға нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі