Қордай: «Дұғам қабыл болсын» сайысы өтті

Қордай: «Дұғам қабыл болсын» сайысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Алла елшісі  (оған  Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Адамдардың ең әлсізі дұға қылуда әлсіз болғаны және адамдардың ең сараңы сәлем беруде сараң болғаны» деген. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде, «Имани жаз» діни жаздық сауат ашу курсы шәкірттері арасында, «Алланың 99 көркем есімдерін» жатқа айтудан сайыс өтті. 

Жарыс «Фаттах» және «Мәжид» топтары арасында болды. Қатысушылар төрт деңгейден тұратын іріктеуден   бағын сынады. Топты жарған «Фаттах» тобы бірінші орынды иеленді, екінші орынды «Мәжид» тобы иеленді. Алланың көркем есімдерін жаттап,  белсенді болған шәкірттерге сыйлық беріліп, алғыс айтылды. Алланың есім сипаттарын жаттап,  дұға жасағанда қосып,  амалға асыруды Алла баршамызға нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай»  мешіті баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: