ЖАМБЫЛ: АҚШАМ МЕЗГІЛІ МАҢЫЗДЫ

ЖАМБЫЛ: АҚШАМ МЕЗГІЛІ МАҢЫЗДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев, мешіттің тұрақты жамағатына тұрақты түрде ақшам дәрістерін жүргізуде. Қазақ халқының уақытты өлшеп, тәулік бойындағы мезгілдерді дәл бөліп атауы – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің бір көрінісі. Әрбір мезгілге атау беріп қана қоймай, сонымен қатар белгілі дәстүрлер мен ғұрыптар да қалыптасқан.

Ақшам – қазақ халқы үшін ерекше мәні бар уақыт. Бұл мезгіл – күндізгі тіршіліктің аяқталып, түнгі тынығуға дайындық кезеңі. Ақшам кезінде орындалатын ғұрыптар мен әдет-ғұрыптар "Ақшам ғұрыпы" деп аталады. "Арынғазы" мешітінің жамағаты үшін де ақшам мезгілі өте маңызды. Жасы бар, кәрісі бар, мал- жаннан қол босағанда ұстаздан дәріс алып, уағыз тыңдап жүрек тыныштығына бөленуге асығып тұрады.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: