Тараз қалалық «Әзірет Әли» мешіті жамағатқа ерекше құрмет көрсетті. Мешіт ауласында ұйымдастырылған игі шара аясында 300 адамға арналып палау таратылып, халықтың алғысына бөленді.
Жиналған жұртшылыққа мешіттің қызметкерлері мен еріктілер ыстық палау таратып, дәмнен ауыз тиген жамағатқа рухани насихат та айтылды. Жастар мен қариялар, әйелдер мен балалар – бәрі де бірлік пен мейірімнің үлгісіндей көрініс тапты.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.