#Шу: «Жәми» мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбына тағылымды уағыз айтылды

#Шу: «Жәми» мешітінде «Дін мен дәстүр» тақырыбына тағылымды уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күндердің сұлтаны жұма күні Шу аудандық «Жәми» мешітінде ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев жұма уағызында «Дін мен Дәстүр» атты кітапты кеңінен насихаттап, әсіресе ұлттың ұлы қазынасы – ұрпақ тәрбиесі туралы терең мағлұмат берді.

Имам уағыз барысында «Ұрпақ тәрбиесі» тақырыбына арнайы тоқталып, халқымыздың бала тәрбиелеудегі ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салт-дәстүрі мен діни қағидаттардың үйлесімділігін баяндады.

«Бірде Сағд ибн Башир (Алла оған разы болсын) Алла Елшісіне келіп: «Уа, Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)! «Мен осы ұлыма (яғни, Нұғман ибн Баширге) бір құлды тарту еттім», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған:
«Балаңа беретін ең үлкен тарту – көркем тәрбие», – деп, есіне салған екен.» – дейді имам өз сөзінде.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: