«Бірлік» мешітінде бір ай бойы жалғасқан «Имани жаз – 2025» атты жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті. Игі шара барысында жас шәкірттер Құран әліппесін үйреніп, Ислам дінінің негіздерімен тереңірек танысты. Рухани білімге сусындаған жас ұрпақ үшін бұл – тек білім ғана емес, имандылыққа бастар алғашқы қадам болды.
Мешіт ұжымы шәкірттерге тәтті сый-сияпаттар үлестіріп, олардың білімге деген құлшынысына алғыс білдірді.
«Осы алған білімдеріңіз жүректеріңізде берік орнығып, өмірлік бағдар болсын. Еліміздің болашағы – иманды ұрпақтың қолында», – деді имам.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.