Тараз қаласы орталық «Әулие ата» мешітінде шәкірттерге арналған игі шара өтті. Мешіт ұстазы Мариям Баймашева шәкірттерге арнап «Мұсылман мұсылманға бауыр» атты тақырыпта насихат айтып, Ислам дінінің асыл құндылықтары мен адамгершілік ұстанымдарын түсіндірді.
«Ислам діні – татулық пен бірлікке, өзара сыйластық пен бауырмалдыққа негізделген асыл дін. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Ол оған зұлымдық жасамайды, көмексіз тастамайды» деген. Бұл хадис мұсылмандар арасындағы қарым-қатынастың қандай болуы керектігін айқын көрсетеді.» – дейді ұстаз өз сөзінде.
Шара соңында шәкірттерге көтеріңкі көңіл-күй мен ынталандыру үшін арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.