Бірлесу- Еңбек ауылы "Бірлесу- Еңбек" мешітінің молдасы Сәкен Джолдасбеков, мешітке келген жамағатқа "Ата- анаға құрмет" тақырыбы бойынша уағыз- насихат айтты. Өз сөзінде: "Ата-анаға құрмет – отбасы тұтастығының кепілі. Ата-ананың ақ үмітін ақтау, сыйлау, оларды қадір тұту, биік қою, қамқорлық таныту – әр баланың перзенттік борышы.
Қазіргі таңда қарттар үйіндегі қарияларымыздың көбейіп бара жатқаны көңіл қынжылтады. Дүние есігін ашуға себепкер болған ата-анаға үйінің бір бұрышынан да орын табылмағаны ма? «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген. Сондықтан да әр адам ғұмыр бойы «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет» ұстанымын ұстануы тиіс деп санаймын. Ата-анаға құрмет – перзенттік парызымыз екенін жадымыздан шығармайық!" - деді молда.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі