Қазақ баласы анасының құрсағында жатқан сәттен бастап мұсылман. Дінді ұстану оңай болып көрінгенімен ішіне бойласаңыз түпсіз тұңғиық. Байқамасаң, туысыңды жат көріп, қоғамнан теріс айналасың. Тіпті, қолыңа қару алып, соғысып кетуің мүмкін. Ал, осындай қауіп-қатерден сақтап, соқпағы сан алуан әлемде адастырмайтын шараның бірі - пәтуа. Қазір мұсылман дінін әркім өз қалауынша ұстанатын болды.
«Қазақтың салт-дәстүріне икемделген Ханафи мәзһабы қайда?» деген сұрақты да жиі естиміз. Осы себепті жамағатқа зерделеп, түсіндіріп, айқындап, ашықтап беру үшін Жамбыл аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев, мешітке жиналған жамағатқа "Адаспаудың алғышарты - пәтуа" тақырыбында үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі