ЖАМБЫЛ: ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ - ИМАН

ЖАМБЫЛ: ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ - ИМАН

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шоқай ауылы "Уәли Қалпе" мешітінің молдасы Ержан Сапарбеков, мешіт жамағатына  "Жүрек тыныштығы - иман"  тақырыбында уағыз- насихат айтты. Иман – Алланың ұлы нығметі. Иман – жүрегіңнің көктемі. Иман – ол нұр. Иман – сенің Әлемдердің Раббысының сүйіктісі екендігіңді айғақтайтын «мөр».

Ғұламалар: «Иман – құлшылықпен артады, күнәлармен кемиді» деген. Сол себепті, жиғаның иман болса, оны әп-сәтте шашып алуың да мүмкін. Тіпті ең абзал буын өкілдері болған сахабалар да иман арттыруға көңіл бөлетін.

Тарих беттерінде Хазіреті Омардың, ибн Масғұдтың (оларға Алла разы болсын) жолдастарына: «Келіңдер, иманымызды күшейтіп алайық, иманымызды арттырайық!» дейтін болғандығы айтылған. Иә, қолдағы ақшаны, алтынды сақтауға тырысатынымыз секілді, иманды да күзету талап етіледі. Және Құран мен сүннетте иманды сақтаудың, күшейтудің жолдары көрсетілген.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: