ЖАМБЫЛ: ТЕННИСТЕН ТУРНИР ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: ТЕННИСТЕН ТУРНИР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданына қарасты Еңбек ауылындағы «Еңбек» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат пен ауыл тұрғындары арасында үстел теннисінен достық турнир өтті. Қоғамдық белсенділікті арттыруды мақсат еткен шараға түрлі жастағы азаматтар қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға өз үлестерін қосты.

Турнир үш кезеңнен тұрды. Жеке және топтық ойындар ерекше тартысты әрі көңілді өтті. Қатысушылар жарыстың әділ ұйымдастырылғанына ризашылықтарын білдіріп, өзара сыйластықпен ойнады. Жеңімпаздар мен үздік ойыншылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мешіт ұйымдастырған бұл спорттық шара – жастарды ауызбіршілікке, ынтымаққа, салауатты өмір салтына тәрбиелеудің жарқын үлгісі болды. Мұндай іс-шаралар қоғамдық құндылықтарды насихаттауға, жамағат арасындағы достықты нығайтуға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

Қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған турнир алдағы уақытта аудан көлемінде жалғасын табады деген сенім мол.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: