ЖАМБЫЛ: АҚШАМДА ФИҚҺ ДӘРІСТЕРІ ЖАЛҒАСУДА

ЖАМБЫЛ: АҚШАМДА ФИҚҺ ДӘРІСТЕРІ ЖАЛҒАСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданына қарасты Гродиково ауылындағы «Арынғазы» мешітінде фиқһ іліміне арналған тұрақты дәрістер жалғасуда. Мешіттің имам-ұстазы Малик Уңғарбаев ақшам намазынан кейін жамағатқа ислам құқық ғылымының терең қырларын үйретіп келеді.

Фиқһ (араб.: فقه) – «терең түсіну», «жан-жақты ұғыну» деген мағына береді. Бұл – мұсылманның шариғи міндеттері мен құқықтарын тануға, діни үкімдерді өмірде дұрыс қолдануға бағыттайтын ілім. Исламның алғашқы ғасырларында бұл ұғым діннің барлық саласын терең меңгеруді білдірген.

Ұстаз Малик Уңғарбаев дәріс барысында фиқһтың негізгі салаларын кеңінен талдап, Ханафи мәзһабындағы ғұламалардың еңбектеріне сүйене отырып насихат жүргізуде. Дәрістерде ғибадат (құлшылық), муаъмалат (қарым-қатынас), мунакахат (неке), уқубат (жаза) секілді төрт негізгі бөлім қамтылуда.

Ханафи мәзһабының негізін қалаушы Имам Әбу Ханифа фиқһты «адамға пайдасы мен зиянын тигізетін нәрселерді білу» деп сипаттаған. Бұл ілім тек діни салада ғана емес, саяси, құқықтық, мәдени өмірмен де тығыз байланысты.

Жамағат бұл дәрістерге ерекше қызығушылық танытып, шариғат үкімдерін дұрыс түсіну үшін тұрақты қатысуда. Ақшамдағы бұл рухани басқосу ауыл халқының діни сауатын арттырып, күнделікті өмірге қажетті біліммен қамтамасыз етуде.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

 
 
 
 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: