#Тараз: «Әулие ата» мешітінің имамдары балалар үйіне зиярат жасады

#Тараз: «Әулие ата» мешітінің имамдары балалар үйіне зиярат жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің қыздар секторы қайырымдылық пен жанашырлықты ту етіп, жүрекке жылу сыйлаған игі шара ұйымдастырды. Ізгі ниетпен ұйымдастырылған бұл сапар 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығындағы балаларға арналды.

Қайырымдылық зиярат барысында бүлдіршіндерге тәттілер мен сыйлықтар таратылып, олардың көңілін көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Жан шуағын сыйлаған шарада мешіттің қыздар секторы балалармен емен-жарқын әңгімелесіп, мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті.

Мұндай игі істер қоғамдағы имандылықты арттырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету арқылы рухани тәрбиенің маңызын тереңдетеді. Қайырымды жандардың мейірімі – жүрекке нұр, санаға сәуле себері анық.

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: