ЖАМБЫЛ: ҰСТАЗДАР БАС ҚОСТЫ

ЖАМБЫЛ: ҰСТАЗДАР БАС ҚОСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешіті жанындағы әйел-қыздар секторының ұстазы Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен «Әйел әлемі – әдемі» атты облыстық рухани кездесу өтті. Ерекше форматтағы басқосу өңірдегі барлық әйел ұстаздарды шәкірттерімен бірге біріктіріп, тағылымы мол насихат алаңына айналды.

Шара барысында ұстаздар мен жамағат бір-бірімен танысып, әрбір ұстаздың өзіне тән сөз саптау мәнерімен, көркем насихатымен сусындап, рухани кемелдікке жетелейтін мазмұнды уағыздар тыңдады.

Кездесудің басты мақсаты – әйелдер арасындағы рухани байланыс пен ынтымақтастықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Шараға қатысушылар ұлттық нақыштағы киім үлгілерін киіп келді. Дресс-кодқа сай, ең әдемі де сәнді ұлттық киім киген екі қатысушы арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жайна ұстаз қорытынды сөзінде:
– Ананың басты міндеті – баласына ұлттық тәрбие беру, ана тілі мен салт-дәстүрді бойына сіңіру. Жер бетіндегі әрбір әйел ана болу бақытын сезінсе деймін. Әйел – баласымен әдемі, перзентімен көрікті. Бұл бақыттан ешбір қыз бала құр қалмаса екен. Кемел әйелдің сөзінде – даналық, рухында – нәзіктік пен тазалық, ал адамдармен қарым-қатынасында – құрмет пен сыйластық болуы тиіс, – деді.

Шара жамағаттың көңілінен шығып, әйелдер секторының қызметін жандандыруға тың серпін берді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: