#Шу: «Жәми» мешітінде «Дін мен дәстүр» кітабы насихатталды

#Шу: «Жәми» мешітінде «Дін мен дәстүр» кітабы насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде имандылық пен ұлттық болмысты ұштастырған «Дін мен дәстүр» атты кітап жамағатқа кеңінен таныстырылып, насихаттау сабақтары басталды.

Жиналған жамағатқа аталмыш еңбектің мазмұны, мақсаты және қоғамдағы өзектілігі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Кітапта қазақ халқының діни наным-сенімдері мен салт-дәстүрлері арасындағы үндестік, ата-баба мұрасы мен Ислам құндылықтарының сабақтастығы кеңінен баяндалған.

Шара барысында жамағат тарапынан белсенділік танытылып, түрлі сұрақтар қойылып, пікір алмасулар болды.

«Дәстүрлі дінінен, ділі мен тілінен, әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ. Сол үшін рухани құндылықтарымызды құнттай білгеніміз жөн.»

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: