ЖАМБЫЛ: ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРАН КУРСЫ АШЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ: ЗАҒИП ЖАНДАРҒА ҚҰРАН КУРСЫ АШЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының ұстазы – Жайна Бекназарова зағип жандарға арналған «Брайль дәрістерін» оқыту курсын қолға алған болатын. 

Жайна ұстаз, Тараз және Жамбыл ауданы бойынша ресми түрде «Қазақстан Зағиптар қоғамына» тіркелген жандармен кездесіп, дінге және Құранға деген қызығушылықтарын сұрап, мешітке діни сауат ашуға шақырған еді. Бүгінде жұмысы жемісін беріп, он шақты шәкіртімен оқуды бастап кетті.

Брайль қарпі – көру қабілеті төмен жандарға арналған арнайы жазу жүйесі. Бұл әліпби көзі көрмейтін адамдарға жазу мен оқуға мүмкіндік береді. «Брайль дәрістерін» оқыту курсының мақсаты – көзі көрмейтін бірақ, Құран үйренуге деген ықыласты жандарға діни білім беру, ерекше қажеттілігі бар жандарға дін насихатын жүргізу, Алланы таныту.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: