ЖАМБЫЛ: АШУРА АСЫ БЕРІЛДІ

ЖАМБЫЛ: АШУРА АСЫ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсының ұстазы – Жайна Бекназарова, облыстағы бірқатар ұстаздар мен шәкірттерді жинап, ашура асын берді. Мерекелік шарада шәкірттер  ұстаздардан  уағыздар тыңдап,  руханияттарын шыңдады. Ашура күні ас беру, ораза тұту, сыйлық сыйлау – нәпіл құлщылықтарға жатады.

Нәпіл ғибадаттар – парыз амалдарымыздан кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, пендені Жаратушысына жақындатып, Оның сүйіспеншілігіне бөленуіне себепші болады. Алла Тағала Құдси хадисте: «Пендем Маған жақын болу үшін не істесе де, олардың Маған ең сүйкімдісі – оған парыз етілген амалдарым. Сонымен қатар пендем Маған нәпіл құлшылықтармен жақындайды да, Мен оны жақсы көретін боламын», – деп айтқан (имам Бұхари).

Ендеше, біз де ашура күні Алла Тағаланың берген нығметтеріне шүкірлік етіп, нәпіл ораза ұстап, қайырымдылық істер атқарып, шамамыз келгенше жақсылық амалдар жасап қалуға тырысайық. Алла Тағала мұхаррам айында, ашура күнінде жасаған құлшылықтарымызды, ізгі істерімізді, дұға-тілектерімізді қабыл алғай!

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: