ЖАМБЫЛ: СЕМИНАРДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

ЖАМБЫЛ: СЕМИНАРДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданға жиналған ауыл имамдарының алқалы жиынында Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев, ауыл имам-молдаларына «Уағыз айту мәдениеті» тақырыбында сөз сөйледі. Имам - халыққа дінді тек таратып қана қоймай, оны тереңінен танытатын, адамдардың дінге деген көзқарасына әсер ететін жан. Ал осы жолда дін қызметкерінің қаруы - сөз. Шынында уағыз адамды иман мен адами қасиетке үндейді. Діннің басты мақсаты да осы.

Дінді адамзатқа жеткізу, уағыз айту – Алла Тағаланың разылығына жетудің ең жақын жолы. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім тура жолға шақырса оған ерген адамдардың сауаптары ешбір кемшіліксіз шақырушыға жазылады» деген. Уағыз айту – Пайғамбарлар, оларға ерген саңлақ сахабалар, ғұламалар, салиқалы имамдардың жолы.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: