Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен үйі өртеніп кеткен 5 баланың анасына зиярат жасалып, азық- түлікпен жәрдем беріп, қолдау білдірілді. «Қайырымдылық қай кезде де адамгершіліктің биік өлшемі іспетті бағаланады. Ол негізінде байлыққа да, билікке де, тіпті жоқтыққа да тәуелді емес.
Ең бастысы —көңілің кең болсын. Міне, нақ осындай ізгі қасиетті бойына сіңіру, өзінде барды бөлісіп, қоғамымыздың кем-кетігін жүрегімен сезініп, айналаға алаңдап қарап жүру, қай кезде де қысылғанға қолдау білдіру – мұсылмандық басты міндетіміз»- дейді мешіт қызметкерлері.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі