ЖАМБЫЛ: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ – ДІН МЕН ДӘСТҮР

ЖАМБЫЛ: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ – ДІН МЕН ДӘСТҮР

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев, мешітке  жиналған  жамағатқа «Рухани  құндылықтарымыз – дін мен дәстүр»  тақырыбында  уағыз айтты. Ислам діні де, қазақы салт-дәстүр де ізгі рухани құндылықтардың қайнар бұлағы. Арамызда дінитанымы таяз, оны мешіт төңірегіндегі немесе кісі өлгенде, я болмаса түс көргендегі дүние деп түсінетіндер баршылық.

Діннің адам баласының дүниеге келгеннен бастап дүниеден өткенге дейінгі барлық өмірін қамтитындығын біле бермейді. Ал, дәстүр десе ескінің қалдығы сынды қарап жататындығымыз тағы бар. Шын мәнінде, дәстүр мен дін адамды қанағатшылдыққа, мейірімділікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет, әдептілікке, обал-сауапты білуге, аманатқа қиянат жасамауға, ешкімге жәбір көрсетпеуге тырысу, жапа шеккен жанның наласынан, жетім-жесірдің ақысын жеуден қорқуға, ағайынгершілікке, адал мен арамды айыра білуге тәрбиелейді. Демек, ислам діні де, қазақы салт-дәстүрі де – жамандық атаулының барлық түрінен тыйып, тек бейбітшілікке үндейді.

Пенденің жақсы қасиеті –адамдармен тіл табысудан бастап, бүкіл қоғамдық және әлеуметтік қарым-қатынасында байқалады, сонда мұсылманшылық пен адамгершілік адал да әділ қарым-қатынасқа негізделе қалыптасады. Ислам дінімен қазақы салт-дәстүрде адам құқығына баса мән берілген және адам құқықтарының сақталуына барынша жағдай жасалған.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: