Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев, Мойынқұм аудандық мешітіндегі ауысым кезегінде жұма намазын өткізіп, «Жол жүру ережелерін сақтау» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Ислам діні де, қазақы салт-дәстүр де ізгі рухани құндылықтардың қайнар бұлағы. Мәселенки, қоғамдық ортадағы кісі ақысына да мән берілген. Мәселен көпшілік орындарды жүріп тұру ақысы, жол бойы ақысы, жол жүру ережелері ақысы, шылым шегу, қатты музыка тыңдау, авторлық құқық, БАҚ-да жеке құқықты сақтау және көпшілік құқығын аяқасты етпеу ақысы қарастырылады.
Аталып өткен адам құқықтарын аяқасты етіп, оларға зәбір көрсеткендер қиянатшылдар қатарына жатқызылған. Қазіргі уақытта кісі ақысын жеу, Алла ақысын жеумен тең екенін көп адамдар жадынан шығарып алған секілді. Айналамызда біреудің ақысын біреу жейтін жайттерге еріксіз куә болып жүрміз. Бұның себебі кісі ақысын жеудің үкімін біле бермеуінде шығар.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі