Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы аз қамтылған 10 осал отбасыларын үйді- үймен аралап жүріп, азық- түлік таратылды. Қайырымдылық күні көмек алғандар ізгіліктің, адамның адамға таза ниетін, риясыз сүйіспеншілігі мен адамгершілігін көрсеткен жаны жайсаң және қолы жомарт аудандықтарға алғыстарын жаудырды.
Елімізді мейірімділік пен татулыққа шақыратын «қайырымдылық күнін» ұйымдастыру, бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды екенін ескеру керек. Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға азық-түлік себеттерін тарату - жүздеріне күлкі, көңілдеріне қуаныш сыйлары анық.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі