ЖАМБЫЛ: ДҰҒА ӘДЕПТЕРІ

ЖАМБЫЛ: ДҰҒА ӘДЕПТЕРІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өрнек ауылы «Рәпілбек» мешітінің молдасы Маулен Ибрагимов,  Бесағаш ауылы «Бесағаш»  мешітіне зиярат ету барысында жамағатқа «Дұға әдептері»  туралы уағыз- насихат айтты.

Дұғаның әдептері: Аллаға мадақпен бастап, Пайғамбарға (с.а.с.) салауат айтумен аяқтау керек; Дұғаны кеңшілік кезінде де, қиындық кезінде де қылу; Жанұясына не мал-мүлкіне, балаларына немесе өзіне қарсы дұға қылмауы тиіс; Дұғаны ақырын дауыспен қылу; Дұға қылғанда Аллаға қатты жалбарыну; Дұғаны қайта-қайта қылу; Құбылаға қарап дұға қылу; Дұға қылғанда қолды жоғары көтеру; Дұға қылардан бұрын дәрет алу; Дұға қылғанда Алла Тағаладан қорқып жылау; Басқа біреуге дұға қылса бірінші өзінен бастайды; Тәубе ету және хақсыз істегендерін қайтару; Өзімен бірге ата-анасына да дұға қылу; Өзімен бірге иман келтірген ерлер мен әйелдерге де дұға қылу.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: