Жасөркен ауылы «Тұрыс» мешітінің имамы Бауыржан Досмухамбетов, мешіт жамағатына «Дәстүр - ұлт негізі» тақырыбы бойынша үгіт- насихат жұмысын жүргізді. Дәстүрмен өзге ұлт басқаны тани алады. Ол ұлтқа рух беріп, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі.
Салт-дәстүріміз ғасырлар бойы қалыптасып қалған құндылығы, әлеуметтік – мәдени мұрасы болып табылады. Айтқандай, салт-дәстүр арқылы ұрпақ тәлім-тәрбие алып отырған. Оны қазіргі таңда да үйінде әжесі бар немесе әжелерінің тәрбиесін көрген салиқалы отбасылардан көре аламыз. Қарапайым күнде әкеміздің «Қой!» дегені, анамыздың «Қыз бала емессің бе» деген сөздері де терең мағынамен айтылады. Оны тыңдай білетін құлақ болса, әрбір сөз тәрбиеге келіп тиеді. Үлкендер бүгін мұны бізге үйретіп жатса, болашақта оны келер ұрпаққа насихаттау – біздің мойнымызда!
Дәстүріміз болса, халық оң болады, дәстүр бұзылса, қоғамның тарихи даму сабақтастығы да бұзылады! Сондықтан да салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, есте сақтап, дұрыс жеткізе білу әрбір адамның қолында!
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі