ЖАМБЫЛ: ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ

ЖАМБЫЛ: ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өрнек ауылы Рәпілбек мешітінің молдасы Маулен Ибрагимов, Бесағаш ауылы «Бесағаш»  мешітіне зиярат ету барысында жамағатқа «Жүрек тазалығы»  тақырыбын қозғады. Жүректің таза болуы жаман дағдылар мен қасиеттерден арылуға байланысты.

Бұл жаман қасиеттерге мыналар жатады: Қызғаныш - басқаға бұйырған жақсылықты көре алмау, іштарлық жасау. Ызақорлық - дұшпандық, кекшілдікке салыну. Бұл мінез қызғаныш пен өкпешілдікті қоздырады. Тәкаппарлық - адамның өзін басқалардан жоғары санауынан туындаған менменшілдік қасиеті. Өз-өзіне тәнті болу, сүйсіну; - кісінің өзіне көңіл тоқтығынан туындайтын өзін-өзі асқақ санау сезімі. Сараңдық - ешкімге ештеңе бергісі келмейтін дүниеқоңыздық.

Екіжүзділік - сырты бүтін болғанмен іші түтін келетін жағымсыз мінез, т.с.с. Жүрек осы жаман қасиеттерден арылғанда ғана тазалыққа жетеді. Ал нағыз тазалық осы жағымсыз қасиеттерден толық арылғанда да өзін тазамын деп есептемеу. Жүректі жаман қасиеттерден арылтуда бойға көркем мінезді сіңіре білудің орны ерекше. Көркем мінез деген не? Көркем мінез – берік иман мен тәуба, күнәға деген өкініш, ұяттылық, сабырлылық, тақуалық, сөзінде тұру, аманатқа қиянат жасамау, опасыздыққа бармау, көрші ақысына көңіл бөлу, жомартмінезділік, сәлемдесуді насихаттау, амалды таза ниетпен орындау, пәни дүниеге алданбау, ақыреттегі есеп беруден қорқу.

Бұған қоса, кішіпейіл болу, ешкімді жәбірлемеу, қиыншылықтарға сабыр ету, үнемі Алланың көріп тұрғанын ұмытпау, нәпсіні тыю, үміт пен үрей арасында өмір сүру, жомарттық, кешірімділік, сүйіспеншілік, көмектескіштік, өзінен гөрі өзгелердің бақытын артық көру, жақсылыққа үндеу, әрдайым өлімді қаперде ұстау, әдептілік, абыройлы өмір сүру т.б

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: