ЖАМБЫЛ: ДӘСТҮРЛІ ДІНІМІЗБЕН ЖҮРУ – АДАСПАУДЫҢ КЕПІЛІ

ЖАМБЫЛ: ДӘСТҮРЛІ ДІНІМІЗБЕН ЖҮРУ – АДАСПАУДЫҢ КЕПІЛІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өрнек ауылы «Рәпілбек» мешітінің молдасы Маулен Ибрагимов, Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітіне зиярат ету барысында жамағатқа дәстүрлі дін ұстанудың  жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру екенін ескерту мақсатында «Дәстүрлі  дінімізбен жүру – адаспаудың кепілі» тақырыбында үгіт- насихат жұмысын жүргізді. 

Қазакстанда мекендеген халықтың 70 пайызы Ислам діні, Ханафи мәзһабын ұстанады. Әбу Ханифа мәзһабы өзге діни мектептермен салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік берумен, демократиялығымен де ерекшеленеді. Біздің жартылай көшпелі халқымыздың бұл мәзһабты қабылдауының тағы бір себебі өз дүниетанымы, болмысы мен діліне онын тонның ішкі бауындай жақындығында.

Бұл бағыт суннитік басқа мәзһабтарға қарағанда неғұрлым толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдет-ғұрып, салт-сана заңдарымен, дәстүрлі нормаларымен санасатын мектеп. Өкініштісі, жалпы мәзһабты керек етпей, ұстаным жолын қате жол деп, шетел асып, кімнен және қай жерден білім алып жатқандығы, сонымен қатар ол жерде қандай мақсатта білім беріп жатқандығын зерттеп, зерделеп, қарамастан қабылдап, адасып жатқан бауырларымыз, отандастарымыз, қарындастарымыз қаншама.

Бұл тек біздің мемлекетімізде емес, бүкіл елдегі қасірет, қауіп деп айтсақ артық болмас. «Дін ұстай алсақ қасиетін, ұстай алмасаң қасіретің» боларын ұмытпайық.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: