ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРДЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚҚА БАУЛУ

ЖАМБЫЛ: ЖАСТАРДЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚҚА БАУЛУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев,  Аса ауылы  «Домалақ ана»  мешітінде жамағатқа «Жастарды діни сауаттылыққа баулу» тақырыбында үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Қазақстандағы ислами білім беру жүйесінің ерте орта ғасырлардан басталған мың жылдан аса тарихы мен тәжірибесі бар.  Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біз асыл дінімізді тереңірек танып білуге мүмкіндік алдық.

Жастардың діни сауаттылығын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалуы керек. Және ислам дінін біржақты қарамай, ілімге қаншалықты көңіл бөлумен қатар, сауатты болуға қаншалықты ынталандырады деген мәселені қарастыру да аса маңызды. Өйткені, жастардың арасында діни сауатсыздықтың салдарынан жат ағымдарға еріп кетіп жатқандары немесе исламдағы айтылған хадис мәтіндерінің мағынасын тікелей түсінгендіктен сауатсыздыққа ұрынып жатқанына қазіргі қоғамымызда көрініс тауып отырған кейбір жағдайлар куә бола алады. Жастардың діни сауаттылығын көтерудің негізгі мақсаты олардың қиын сәттерде дербес, жан-жақты салмақты шешім қабылдауына қажетті сыни тұрғыда ойлау машығын қалыптастыру болуы тиіс.

Адамдар осы алған білімдерін  қолдана отырып, әлемдік дәстүрлі діндер мен радикалды діни ұйымдарды ажырата алады. Алға қойылған мақсат жастар мен жасөспірімдердің діни сауаттылығын дамытуға: арбау әрекеттеріне қарсы тұру мен залалсыздандырудың жеке мінез-құлықтық алгоритмін қалыптастыруға, адамгершілік және этикалық құндылықтары бар, отаншылдық пен толеранттылықты қалыптастыратын әлемдік және дәстүрлі діндердің, деструктивті діндердің негіздерімен танысуға ықпал етеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: