ЖАМБЫЛ: ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ЖАМБЫЛ: ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев, мешітке жиналған жамағатқа «Ислам және отбасы құндылықтары»  тақырыбында  насихат айтты.

 Отбасы бақытының бастауында жұбайлардың бір-бірін сыйлауы, қадірлеп-құрметтеуі тұратыны даусыз. Алла Тағала Құранда «Ниса» сүресінің 19-аятының жалғасында: «...Олармен (жұбайларыңмен) жақсы қарым-қатынас қылыңдар. Тіпті оларды жақтырмасаңдар да, сабыр етіңдер. Өйткені сендер жақтырмаған нәрседе Алла көп жақсылық жасаған болуы мүмкін», – деп, кейбір кемшіліктерге көз жұмып, сабыр сақтауды бұйырған.

Отбасылық өмірдегі кейбір жағымсыз сәттер, түсініспеушіліктер кешірім арқылы ер мен әйел қатынасының беки түсуіне әкеледі. Бұл ретте жақсы сөз сөйлеу, мақтау сөздер айтудың жөні бөлек. Адамның басқа жаратылыстан артық жері сөйлеу болса, ерлі-зайыптылар да бір-бірінің көңіл-күйін, сезімін сөзі арқылы ұғынып тұрады. Тіпті бір-бірінің атын атамай, еркелетіп есім беруі де арадағы сүйіспеншіліктің сақталуына жол ашады. Әзілдесу, күліп-ойнау отбасы жарасымын одан сайын арттырып, өсіп келе жатқан ұл-қыздардың да ата-анасын қадірлеп, бауырларымен және маңайындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас құруды үйретеді. Өйткені әрбір бала мәміле жасауды алдымен ата-анасына қарап үйренеді.

Бірі отағасы деп, бірі отанасы деп құрметтеп отырса, мұндай сыйластықты көріп өскен баладан жамандықтың, қатыгездіктің шығуы мүмкін емес. Бұл орайда халқымыздың «Әйеліңе балаң жоқ жерде, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» деген тәлімін де естен шығармаған жөн. Сондай-ақ әзіл-қалжыңның да шегінен шықпай, ерлі-зайыптылар бірін-бірі кемсіту, туыстарын мазақ етуден аулақ болуы қажет.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: