#Шу: «Төле би» мешітінде «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

#Шу: «Төле би» мешітінде «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсы өз мәресіне жетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданына қарасты «Төле би» мешітінде өткен «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы сәтті аяқталды. Бір ай бойы жалғасқан тағылымды тәрбие мектебінде қазақ және орыс топтарынан құралған 30-ға жуық шәкірт Құран оқып, діни сауаттылықтарын арттырды.

Оқу барысында шәкірттерге мешіт ұстаздары – Насихат Доғдырбайқызы мен Руқиям Абдуллақызы сабақ беріп, курс соңында алған білімдерін қорытынды емтихан арқылы бағалады. Қуантарлығы – барлық оқушы жоғары нәтижелер көрсетіп, өз білімдерін сәтті дәлелдеді.

Қорытынды шарада шәкірттерге арнап дастархан жайылып, балмұздақ пен тәттілер таратылды. Сонымен қатар, оқу барысындағы белсенділіктері мен жетістіктері үшін оқушыларға арнайы марапаттау қағаздары табысталды. Балғын балалар қуанышты көңіл-күймен тарасып, ата-аналар  мешіт ұжымына өз алғыстарын білдірді.

Мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы білікті ұстаздарға шынайы алғысын білдіріп, шәкірттерге діни білім жолында тоқтамай ізденіп, білім алуға сәттілік тіледі. Өз кезегінде жас шәкірттер де болашақта діни білімдерін әрі қарай дамытуға ниетті екендерін жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: