#Шу: «Жәми» мешітінде Ашура күні атап өтілді

#Шу: «Жәми» мешітінде Ашура күні атап өтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман қауымы үшін ерекше маңызға ие Мұхаррам айындағы Ашура күні – Жаратушының мейірімін еске алып, тарихтан тағылым алатын ұлық күндердің бірі. «Ашура» сөзі араб тілінен аударғанда «оныншы» деген мағына береді және ол Мұхаррам айының оныншы жұлдызына сәйкес келеді.

Осыған орай, Шу ауданы «Жәми» мешітінде Ашура күнін ұлықтау мақсатында жамағатқа арналып кең дастархан жайылып, тағылымды жиын өтті. Шара барысында белгілі дін қызметкері, ұстаз Ерғазы Ақпанов насихат айтып, Ашура күнінің тарихи маңызын, Мұхаррам айының ерекшеліктерін кеңінен баяндап берді.

Дін мен дәстүр сабақтастығы аясында өткен бұл рухани жиын жамағаттың рухын көтеріп, ынтымақ пен бірлікті арттыра түсті. Мұндай тағылымды шаралар – халқымыздың діни санасын оятып, салт-дәстүр мен имандылықты қатар ұлықтауға жол ашады.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: