Шу ауданы “Жәми” мешітінің жанынан ашылған жазғы діни сауат ашу курсы сәтті аяқталды. Бір айға жуық уақыт ішінде мешітке келіп, білім алған 60-қа жуық қыз балалар Құран әліппесін, дұғалар мен сүрелерді, сондай-ақ әдеп сабақтарын меңгерді.
Курстың соңғы күніңде шәкірттерге мешіт атынан мақтау қағаздары мен “Имандылық әліппесі” атты кітап сыйға тартылды.
Ұстаздар бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, ел ертеңі болар ибалы, білімді азаматша болып өсуіне тілектестік білдірді.
Бұл игі бастама жас ұрпақты рухани тәрбиелеуге, имандылыққа баулуға бағытталған маңызды қадам болды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.