Шу қаласына қарасты “Кәрібай молда” мешітінде “Имани жаз – 2025” жазғы діни сауат ашу курсының бір айлық алған білімдерінің қорытындысы ретінде шәкірттер арасында сайысы ұйымдастырылды.
Ұстаз Ғалия Байториеваның жетекшілігімен өткен сайыста шәкірттер бір ай бойы алған ілімдерін көрсетті. Олар Алланың 99 көркем есімін, түрлі дұғалар мен бата-тілектерді жатқа айтып, білімдерімен көзге түсті.
Жарыс соңында белсенді қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталып, балалар мен ата-аналарға қуанышты көңіл күй сыйланды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.