#Шу: «Жәми» мешітінде «Имани жаз – 2025» аясында Құран жарысы өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде «Имани жаз – 2025» аясында Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінде жазғы діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер арасында «Имани жаз – 2025» бағдарламасы аясында кішігірім Құран жарысы ұйымдастырылды. Игі шара ұлдар арасында өтті және ол 10 сүре мен 40 парыз негізінде өткізілді.

Жарыс барысында жас шәкірттер Құран жаттау және діни білім бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылардың дайындықтары жоғары деңгейде бағаланып, жеңімпаздарға ақшалай жүлделер табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысқан шәкірттерге де естелік сыйлықтар үлестірілді.

Жарыс соңында арнайы жайылған дастархан басында Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев рухани сұхбат жүргізіп, шәкірттерге насихат айтып, Ислам ілімін үйренудің маңызын ерекше атап өтті.

Бұл шара – жас ұрпақтың діни сауатын арттырып, рухани дамуына бағытталған тағылымды бастамалардың бірі ретінде есте қалмақ.

Шу аудандық «Жәми»  мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: