Шу аудандық “Жәми” мешітінде өтіп жатқан “Имани жаз – 2025” жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері үшін ерекше күн ұйымдастырылды.
Балалар мешіт ұжымы мен демеушілердің қолдауымен батуттар мен сырғанақтар паркіне серуендеуге барды. Балдырғандар түрлі ойын-сауыққа қатысып, балмұздақпен тәтті сергіп, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.
Мешіт имамы балаларға қуаныш сыйлаған демеушілерге Алланың разылығын тілеп, шын жүректен алғысын білдірді.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.



03 Ақпан 2026
15 Шаабан 1447

