Шу қаласы “Кәрібай молда” мешітінде “Имани жаз – 2025” жазғы курсы аясында тәрбиеленіп жатқан шәкірттерге жұма күні арнайы дастархан жайылды.
Ұстаз Ғалия Байториеваның ұйымдастыруымен өткен шарада балаларға тағылымды уағыз айтылып, имандылық, ата-анаға құрмет пен жақсы мінез-құлық жайында насихат жүргізілді.
Игі бастама шәкірттерге рухани тәрбие беріп, олардың мешітке деген сүйіспеншілігін арттырды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.