Тараз қаласында орналасқан «Шайх Зуннун» мешітінің іргетасы қаланғанына биыл 20 жыл. Осыған орай мешіт жамағаты мен қала тұрғындарының қатысуымен арнайы ас беріліп, мерейтойлық іс-шара ұйымдастырылды.
Игілікті шараны мешіттің бас имамы Манат Жетпісбаев басқарып, жамағатқа рухани насихат айтып, мешіттің жұмыс істеуіндегі атқарған қызметтеріне шолу жасады. Шара барысында мешіттің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтар мен тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқан жанашыр жандарға алғыс хаттар табысталды.
Ас беру рәсімі үлкен құрметпен өтті. Жиналған халық бір-біріне игі тілектер айтып, рухани құндылықтарды ұлықтады. Дәмді астан ауыз тиіп, ақсақалды қариялар баталарын берді.
Тараз «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.