ҚОРДАЙ: Медресе ұстаздары қонақта

ҚОРДАЙ: Медресе ұстаздары қонақта

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданға «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі ұстаздары тобы іс-сапармен келіп жетті. Атап айтқанда еліміздің 9 қаласында орналасқан медреселерде білім алып, одан ары қарай Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» университетінде, Түркия мемлекетіндегі «Хасеки» академиясында білімін жетілдірген Амиреев Бахтияр, Тастанбеков Дархан, Тоқтағанов Бауыржан, Боханов Ерболат, Карамсаков Данияр ұстаздар.

Медресеге болашақ дін маманы болып жетілетін шәкірттерді тарту мақсатымен келген ұлағатты дін мамандары аудан тұрғындарына насихат айтты. Сапар медресе директоры орынбасары Амиреев Бахтияр ұстаздың аудандық мешітте жұма насихатын айтуымен басталды.

Ұстаздар Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінде, «Қордай ауылдық» мешітінде, Жамбыл ауылы «Әл-Хафиз» мешітінде насихат айтып, Масаншы ауылындағы «Мұсылмандар», «Имам Ағзам» мешіті, Сортөбе ауылындағы «Мисбахул ислам», «Сортөбе», «Хамид бин Бадый», «Али Муртаза», «Ханафи» мешіті жамағатымен кездесті.

Кездесу соңы Сортөбе ауылындағы «Имамдар үйінде» аудандағы бүкіл дін қызметкерлерін жинап, семинар болып өтті. Ұстаздарды ауданның бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы имамдарға таныстырды.

Сапар «Қордай ауылдық» мешіт жамағатымен бірге айлық дастарқанда бас қосумен жалғасты. Шараларға толы болған ұзақ күн соңы ауданға ат терлетіп келген ұстаздар қариялардың батасына бөленді.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: