«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» ШӘКІРТТЕРІ САЯБАҚТА ДЕМАЛЫП, РУХАНИ ТӘРБИЕ АЛДЫ

«ИМАНИ ЖАЗ – 2025» ШӘКІРТТЕРІ САЯБАҚТА ДЕМАЛЫП, РУХАНИ ТӘРБИЕ АЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде өтіп жатқан «ИМАНИ ЖАЗ – 2025» жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері үшін арнайы саябаққа демалыс ұйымдастырылды.

Балалар табиғат аясында таза ауа жұтып, көңілді уақыт өткізді. Пикник барысында ұстаз Аружан имандылық пен әдеп тақырыбында насихат айтып, жас буынға рухани тәрбие берді. Балаларға Құран, әдеп, тазалық, ата-анаға құрмет секілді маңызды тақырыптар қамтылған тағылымды кеңестер айтылды.

Бұл демалыс балалардың тек дене сергітуіне ғана емес, жүрек сергітуіне де жол ашқан пайдалы шара болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: