Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» мешітінде ұстаз Аружанның ұйымдастыруымен «Дұғам қабыл болсын» атты рухани сайыс өтті. Игі шара жас шәкірттердің діни білімін тереңдетіп, дұға мен батаға деген сүйіспеншілігін арттыруды көздеді.
Сайыс барысында қатысушылар тек бата айтуда ғана емес, Алланың 99 көркем есімін жатқа айту, 40 парызды білу, күнделікті қолданылатын дұғаларды оқу және өлең-жырды мәнерлеп жеткізу бойынша өзара бақ сынасты.
Балалардың ынтасы мен дайындығы, рухани білімге деген қызығушылығы ерекше байқалды. Сайыс соңында үздік деп танылған шәкірттер марапатталып, барша қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Бұл жарыс – жас буынның жүрегіне имандылық ұрығын сеуіп, Аллаға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған тағылымды тәрбие алаңы болды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі