#Шу: Шу мен Байзақты жалғаған ізгілік кездесуі

#Шу: Шу мен Байзақты жалғаған ізгілік кездесуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті жұма күні, Байзақ ауданы рухани тереңдікке тағы бір қадам жасады. РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұлдың тапсырмасы бойынша Шу ауданының тұрғындарының жүрегіне дәнекер бола білген бас имам Алмас Кенжемолдаевтың «Байзақ баба» мешітіне жасаған арнайы сапары жұртшылық үшін үлкен өнеге мен тағылымға толы болды.

Кездесу барысында имам «Адам өмірінің құны», Алланың сансызнығметтері, сондай-ақ асыл дініміздің мен дәстүр құндылықтарына тұтастығы жайлы тұшымды уағыз айтты.

Жамағат насихаттың әр сөзін жүрекпен тындап, алғыстарын білдірді. Бұл кездесу – тек уағыз емес, ел мен елді, жүрек пен жүректі жалғаған салиқалы сәт болды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: