#Шу: «Кәрібай молда» мешітінде жұма күні арнайы дастархан жайылды

#Шу: «Кәрібай молда» мешітінде жұма күні арнайы дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қаласындағы "Кәрібай молда" мешітінде жазғы діни сауат ашу курсына қатысып жүрген шәкірттерге арналған игі шара ұйымдастырылды. Жұма күніне орай арнайы жайылған дастархан басында мешіт ұстазы Ғалия Байториева шәкірттерге имандылықтың мәні мен адамгершілік қасиеттер жайында тағылымды уағыз айтты.

Жылы жүздесу барысында бүлдіршіндер рухани нәр алып, сұрақтарына жауап алды. Жастардың бойына діни біліммен қатар тәрбиелік құндылықтарды сіңіру мақсатында өткен бұл жиын — жазғы курс бағдарламасының бір бөлігі ретінде маңызды рөл атқаруда.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: