Аудандық орталық «Қордай» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директор орынбасары Әмиреев Бахтияр ұстаз жұма уағызын жүргізді. Жиналған жамағатқа зікір және зікірдің пайдасы тақырыбында сөз қозғады.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Рағыд» сүресі, 28-аятында: «Міне, солар иман келтірген әрі Алланы еске алу арқылы жүректері жай табатын ізгі жандар. Ендеше, біліп қойыңдар! Жүректер Алланы еске алу арқылы ғана жай тауып, толық тынышталады (қанағаттанады)», – деп айтқан.
Уағыз соңы медресенің тыныс-тіршілігімен таныстырып, ұл-қыздарымызды дінін жоғары дәрежеде үйрену үшін медресеге берулерін насихаттады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі