#Тараз: Жамбыл ауданында ауыл әйел-қыздар жамағатына арнап ашық сабақ өтті

#Тараз: Жамбыл ауданында ауыл әйел-қыздар жамағатына арнап ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Жалпақ төбе ауылының “Тұрғани” мешітінде ауылдық әйел-қыздар жамағаты арасында тағылымы мол “Қасиетті Құран Кәрім дайындау” атты ашық сабақ ұйымдастырылды.

Бұл туралы асыл дінімізде Құран Кәрім оқуға құршынысыңызды оятатын хадистер: Сендердің ең жақсыларын - Құранды үйреніп, оны үйреткендерің (Бухари) Жүрегінде Құраны жоқ адам - қираған үй секілді (Тирмизи)

Аталған шараны Әйел-қыздар секторының жетекшісі Зухра Ибрагимованың бастамасымен өткізілді. Сабақ барысында қатысушыларға ислам діні туралы мағлұматтар беріліп, Құран Кәрімнің қадір-қасиеті кеңінен түсіндірілді.

Сабақтың негізгі мақсаты — білім беру арқылы жамағатты діни сауаттылыққа жетелеу. Сонымен қатар, тәрбиелік бағытында қатысушылар халқымыздың бай салт-дәстүрін қадірлеуге, инабаттылыққа, имандылыққа, адамгершілік пен ұқыптылыққа баулынды.

Мұндай игі бастамалар ауылдағы діни руханияттың дамуына, әйелдер мен қыз-келіншектердің білімге, тәрбиеге бет бұруына үлкен септігін тигізуде.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: