ЖАМБЫЛ: ИМАН - АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

ЖАМБЫЛ: ИМАН - АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы «Арынғазы» мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешітке келген жамағатқа  «Иман - Алланың сыйы»  тақырыбында уағыз-насихат айтты. Алланың адамзат баласына берген ең үлен сыйы – Иман нығметі. Қандай адам болмасын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген нәрселеріне жүрекпен сенсе, оның дұрыстығына иланса, Алла құзырында мүмін болып саналады.

Әрбір мұсылман үшін Аллаға деген иман және оның шынайы болуы ең басты мәселе. Өйткені осы иманымыз арқылы біз екі дүние бақытына қол жеткіземіз. Иә, «иманым менің – жиғаным» деп жырлап кеткен кешегі бабалырымыз да сенімдеріне селкеу түсірмей, ізгі, салихалы амалдарымен Құдай Тағаланың разылығын бірінші орынға қоя білген жандар еді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: