Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің жамағаты Құрбан айт мерекесі қарсаңында мешіт айналасын тазалады. Ақын Қадыр Мырза Әлінің «Адам таза болмайды ешқашанда, айналайын табиғат таза болмай!» деп келетін өлең жолы бар.
Тазалық – адам айнасы. Ал мерекенің көркі мен нақышы – тазалық. Дәл осы Құрбан айтта түрлі тазалық акциялары ұйымдастырылып, жұмыс қолға алынып, жамағат жаппай іске кіріседі. «Құрбан айттағы тазалықтың жөні бөлек.
Жамағатпен ғана емес, достарымызбен, көршілермен де тұрақты шығып, мешітті тазалап тұруға тырысамыз. Әсіресе, айт мерекелері қарсаңында бұл істі жиілетеміз. Айналамызды тазартып, өзіміз де жаңаланып, дастарқанды да мол жаямыз», – дейді Аса ауылының тұрғыны Бақытжан Смайыл.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі